$ 448.56  478.03  4.79

Демалыс күндері Астананың Қобда көшесінде қозғалыс тоқтатылады

Астанада ағымдағы жылғы 6 қыркүйек сағат 8.00-ден бастап 7 қыркүйек сағат 20.00-ға дейін Қобда көшесінің Абылай Хан даңғылы мен Төлебаев көшесі аралығындағы бөлігінде жол қозғалысы тоқтатылады.

Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы мәлімдегендей, аталған жол бөлігінде инженерлік желілерді орнату жұмыстары жүргізілген соң жол қозғалысы қайта жалғасатын болады.

«Осыған байланысты көлік жүргізушілерге қолайсыз жол-көлік кептелістеріне тап болмас үшін жүру бағытын алдын-ала жоспарлап алу ұсынылады. Жол-құрылыс жұмыстары жүргізілетін уақытта көлік жүргізушілерді ақпараттандыру үшін тиісті ескертуші және тиюшы жол белгілері орнатылады», делінген хабарламада.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары