Астаналақ гольф клубының аумағында алғашқы «Ambassador'sCup» турнирі басталды. Оған Қазақстанның саяси қайраткерлері, шетелдік бизнес-қауымдастықтың және елімізде аккредиттелген дипломатиялық корпустың өкілдері қатысуда, деп хабарлайды «Қазақпарат».
«Ambassador'sCup» бәсекесінің ашылуында ойыншыларды Қазақстан Гольф федерациясының президенті әрі осы бәсекеге қатысушы Нұртай Әбіқаев құттықтады.
Қадірменді гольфистер! Мен сіздерді алдымен дипломатиялық корпус қатысып отырған, Қазақстан Сыртқы істер министрлігі ұйымдастырған бірінші турнирдің ұйымдастырылуымен құттықтаймын. Алдағы аптада Алматыда еуропалық челендж-турдың 10-ыншы мерейтойлық турнирі өтеді, көпшілігіңіз соған қатысқалы отырсыздар, – деді Н. Әбіқаев.
Сондай-ақ Қазақстан Гольф федерациясының президенті жарыс қайта жаңғыртылған алты алаңда өтетіндігін айта келе, ойыншыларға сәттілік тіледі.
«Ambassador'sCup» турниріне Мемлекеттік хатшы Әділбек Жақсыбеков, Астана әкімі Иманғали Тасмағамбетов, ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов, «Самұрық-Қазына» ұлттық-әл-ауқат қоры» АҚ басшысы Өмірзақ Шүкеев, ҚР Парламентінің депутаттары, белгілі отандық бизнесмендер қатысуда.
Жарыс жеңімпаздары бірнеше аталым бойынша айқындалады. Олардың есімдері бүгін белгілі болмақ.
«Ambassador'sCup» турнирінің бас демеушісі «Алтын Қыран» компаниясы тобы. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бәсеке жыл сайын өткізіліп тұрады.