08.09.2014, 05:25

Қызылордадан табылған цезийдің қоғамға еш қаупі жоқ

Сурет: chemistry-chemists.com

Жоғалып кеткеннен кейін бес күн өткен соң Қызылорда облысынан табылған цезий контейнеріне тасымалдау кезінде зиян келген жоқ, қазір ол адамдарға еш қауіп төндірмейді, деп хабарлайды BNews.kz.

Облыстық ТЖД-дағы дереккөздің берген ақпаратынша, Маңғыстау облысында жоғалып кеткен радиоактивті зат салынған контейнер табылып, полиция қызметкерлерінің көмегімен Қызылордаға тасымалданды. Қазір ол облыстың тұтынушылардың құқығын қорғау басқармасына орналастырылған. Мұнда күні-түні тәртіп сақшылары кезекшілік етеді. 

Табылған заттың Cs137 (цезий — авт.) бар «КГЛ-7» маркалы контейнер екенін мамандар толығымен растап отыр. Осы уақыт бойы контейнер жабық күйінде болған, оған еш зақым келмеген.