$ 449.58  486.94  4.86

Астана дүкендерінде «СССР» атауымен балмұздақтар сатылуда (ФОТО)

Астана қаласы дүкендерінде қанқызыл қаптамасының сыртында «эскимо в шоколаде» және ірі әрі анық етіп жазылған «СССР» жазуы бар балмұздақтар сатылып жатыр, деп хабарлайды Skifnews.kz.

«СССР» сөзінен соң балмұздақтың оң жақ бөлігінде КСРО-ның белгісі – орақ-балға мен бес жұлдыз бейнеленген.

Балмұздақ қаптамасындағы мәліметтерде көрсетілгендей, өнім Ресейдің Челябинск облысы, Троицк қаласында шығарылған. Тұтынушылардың айтуынша, балмұздақтың бұл түрінің сатылымда жүргеніне біраз болған. Өнімді әзірлеуші – «РосФорст» жауапкершілігі шектеулі қоғамдастығы.

Сондай-ақ, өнімнің жасалған мерзіміне қатысты мәліметтерде бірнеше грамматикалық және стильдік қателер кездеседі. Ал, өнімнің сапасына қатысты арыз-шағымдарды астаналық И. В. Кучинский есімді жеке кәсіпкерге айтуға болады. Қаптамада телефоны көрсетілген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары