08.09.2014, 12:15

Астана тұрғындары үшін «Күзгі тарту» көрмесі ашылады

Сурет: astana.gov.kz

Елорда тұрғындары мен қонақтары үшін «Күзгі тарту» көрмесі ашылады. Көрме 11 қыркүйекте Конгресс-Холлда ашылып, 17 қыркүйекке дейін күн сайын сағат 10.00-20.00 жұмыс істейді, деп хабарлайды Skifnews.kz

Астана қаласы әкімдігі сайтының мәліметінше, биыл көрмеде көпшілік назарына Ресейден әкелінген зергерлік бұйымдар, аксессуарлар, елімізде және шетелде шығарылған киім-кешектер, оңтүстік кореялық және үнділік сәнді косметика, кітаптар, аң аулау мен балық аулауға арналған жабдықтар, шай мен балдың ондаған түрі және т.б. ұсынылады.