Алдымыздағы үш күнде, Қазақстан аумағының көп бөлігіндегі ауа-райын жоғары қысым көлемі анықтайтын болады. Тек республиканың батысы мен солтүстігінде күн күркіреп, жаңбыр жауып, жел екпіні 15-20 м/с дейін көтеріледі, деп хабарлайды Skifnews.kz.
«Қазгидромет» таратқан мәліметтер бойынша, Республиканың солтүстік, орталық және шығыс облыстарының кей жерлерінде түнде және таңертеңгі сағаттарда температура 0-3 градусқа дейін төмендеп, үсік түседі. Бұл аудандарда күндізгі температура біртіндеп +10….+15 градустан бастап +15…+26оС дейін көтеріледі. Республиканың оңтүстігі, оңтүстік-шығысы мен батысында термометр бағандары +22…+35 º градусты көрсететін болады.