12.09.2014, 06:33

Ақтөбеде жарылғыш заттар өндірісі қолға алынбақ

Сурет: 112.ua

Облыс орталығынан 40 шақырым қашықтықта орналасқан Алға қаласында индустриалды аймақ құру мәселесі қарастырылуда, деп хабарлайды Skifnews.kz.

Облыс әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, мұнда жарылғыш заттар өндірісі, азот қышқылы өндірісі бойынша зауыт, аммиак селитрасы, өндірісі, «сары суға төзімді» және «кеуекті» аммиак селитрасы өндірісі бойынша қондырғы, 6 ЖВ маркалы аммонит өндірісі технологиясын жаңғырту, эмульсионды жарылғыш заттар өндірісіне ынтагерлік құралдары өндірісі, т.б. орналастырылатын болады.