$ 444.22  476.38  4.82

Бүгін Елбасы «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздарын марапаттайды

Бүгін Елордадағы «Қазақстан» орталық концерт залында Елбасының қатысуымен «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтеді, деп хабарлайды «Қазақпарат».

Бұл байқау ұлттық құндылықтарымызды ұлықтау мақсатында еліміздің барлық өңірлерінде осыдан біршама уақыт бұрын басталған болатын. Ал елордаға өңірлік конкурстардың жеңімпаздары жиналып отыр.

Бұл конкурста еліміздің барлық өңірлерінен барлығы 1 298 жанұя бақ сынады.

Марапаттау рәсіміне аймақтық турлардан жеңіп шыққан 16 отбасы қатысады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары