19.09.2014, 05:27

Өзбек азаматы шекарадан 30 мың доллар өткізбек болған

Сурет: mir24.net

Қазақстандық шекарашылар мемлекеттік шекарадан шетел валютасын жасырын өткізбек болған өзбекстандық азаматты ұстады, деп хабарлайды Skifnews.kz.

ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметінің ақпарынша, еліміздің батысындағы Бейнеу шекара отрядына қарасты «Тәжен авто» өткізу-бақылау бекетіндегі шекарашылар кеден қызметкерлерімен бірлесе отырып Өзбекстан Республикасының азаматын ұстаған.

Астына «Шевролет Ковальт» автомашинасын мінген 34 жастағы өзбек-ака өзінің еліне қарай жол тартып бара жатыр екен.

«Машинасында ешқандай заңсыз заттың жоқ екендігін айтқан өз ағамыздың темір тұлпарын мұқият тексерген кезде жүк салғышына жасырылған, барлығы 30 мың доллар болатын шетел валютасы табылды», делінген хабарламада.