19.09.2014, 06:43

Астанада биыл адам өліміне әкеп соққан 34 жол-көлік оқиғасы орын алған

Сурет: inform.kz

Астана қаласы ІІД, прокуратура, мемлекеттік органдар, сондай-ақ, автобус паркі, қоғамдық бірлестіктер өкілдерінің қатысуымен Астана қаласы Ішкі істер департаментінде жол-көлік оқиғасын алдын алуға, сондай-ақ ескерту және жолын кесуге бағытталған шара өтті, деп хабарлайды Skifnews.kz.

Қалалық ІІД баспасөз қызметі таратқан мәліметке сәйкес, шара барысында қатысушылар жолдағы апаттылық мәселелерін, оның себептері мен салдарын талқылады.

Апаттылықтың басты себебі ретінде жол-көлік қозғалысы қатысушыларының бір-біріне деген құрмет білдірмеуі, жол ережелерін өрескел бұзуы болып отыр. Сонымен бірге, Елордада көліктің күннен-күнге көбеюі, қарқынды өсуі, жол қозғалысының тығыздығы, ескірген автокөлік паркінің үлес салмағының артуы жол қозғалысы қауіпсіздігіне кері әсерін тигізетін негізгі себептердің біріне айналған.

Жыл басынан Астана қаласы ІІД Анықтау басқармасының өндірісінде адам өліміне әкеп соқтырған жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша 34 материал болған және олар бойынша қылмыстық іс қозғалған.