$ 444.22  476.38  4.82

Жамбыл облысында өрт жағдайлары былтырғыдан көбейіп кеткен

Бүгінгі таңда облыс аумағында 493 (2013 ж. 373) өрт оқиғасы тіркеліп, өрттен келген материалдық шығын 80 млн. астам теңгені құрады, деп хабарлайды Skifnews.kz.

Жамбыл облысы ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының мәліметінше, жыл басынан бері өрт кезінде 17 (2013ж. 17/3) адам қаза болып, 19 (2013ж. 21/6) адам жарақат алды.

Жалпы өрт санының 322 өрт оқиғасы немесе 65 пайызы тұрғын үй секторында орын алған. Осыған орай, департамент қызметкерлерімен тұрғын үй секторында өртті алдын алу жөнінде профилактикалық жұмыстар жүргізілуге басты назар аударылып отыр.

Қазіргі уақытта жылыту кезеңі басталар алдында тұрғын үй секторында өрттердің алдын алу және үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу мақсатында 10 қыркүйек пен 10 қазан аралығында өтетін өрт қауіпсіздік айлығын жүргізу жоспары әзірленіп бекітілді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары