23.09.2014, 03:01

Қазақстан мен Қытай қорғаныс саласында өзара іс-қимылын нығайтпақ

ҚР Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, кеше ҚР Қорғаныс министрі Серік Ахметов Қытай Халық Республикасына ресми сапары шеңберінде қорғаныс министрі Чан Ваньцюанмен кездесті, деп хабарлайды Skifnews.kz.

С. Ахметов Астанада мамыр айында өткен «KADEX-2014» халықаралық көрмесіне белсенді қатысқаны үшін қытайлық тарапқа алғыс білдірді.

Өз кезегінде ҚХР қорғаныс министрі Чан Ваньцюан «аталған сапар екі елдің қорғаныс ведомстволары мен қорғаныс күштерінің болашақтағы ынтымақтастығына Қазақстанның белсенділік танытып отырғандығын көрсетеді» деді.  

ШЫҰ мен АӨСШК шеңберінде өзара іс-қимыл сұрақтарына тоқтала келе ҚХР қорғаныс министрі биыл тамыз айында «Чжужихэ» полигонында өткен «Бейбіт миссия – 2014» антитеррорлық оқу-жаттығуына ҚР Қарулы Күштерінің ойдағыдай қатысқандығына ризашылығын білдірді.

Кездесу барысында әріптестер екі мемлекеттің қорғаныс ведомстволары арасында келешекте өзара іс-қимылды нығайту жөніндегі бірқатар ұсыныстар айтты. Сонымен бірге, күн тәртібіндегі халықаралық өзекті мәселелер бойынша пайымды пікір алмасулар болды.