14.10.2014, 03:28

Жалған ақшаны жылдам анықтайтын құрылғыны маңғыстаулық сарапшылар қолданбақ

Сурет: yvision.kz

Бұрын сарапшылар жалған құжатты 40 есе ұлғайтатын микроскоппен анықтайтын. Енді 174 есе ұлғайтатын құрылғыны қолданбақ, деп хабарлайды Skifnews.kz.

Маңғыстау облысының сот сараптамасы институтына құжаттардың түпнұсқалылығын анықтайтын, құны 7 млн. теңге тұратын заманауи «Регула» бейнеспектральды компараторы алынды.

Сарапшылардың айтулары бойынша, мұндай ұлғайту нағыз купюрадағы кез келген қорғаныш белгілерін: микромәтіндерді, акциздік маркаларды, голограммаларды, талшықтарды анықтауға мүмкіндік береді.

— Жалған ақшадағы қосымша суреттер, өшірілген немесе боялған тұстары жылдам анықталады. Жұмыс әлдеқайда тез жүреді. Бұрын сараптамаға бірнеше күн кететін, қазір бірнеше сағат жетеді», — деп атап өтті Маңғыстау облысы бойынша Сот сараптамасы институтының құжаттарды сот-техникалық зерттеу жөніндегі бас сарапшысы Рая Іскендірова. Сауатты сарапшы мен мұндай құрылғының көмегімен құжаттың түпнұсқалығы немесе жалғандығы 100 пайызға нақты анықталады.