$ 494.87  520.65  4.91

Маңғыстаулық кәсіпкерлердің мемлекеттік қызметтер сапасына баға беруі сұралады

Облыстағы үкіметтік емес ұйымдар жүзеге асыратын жұмыс көпірме бюрократияға, жемқорлық пен өңірдегі кәсіпкерлердің жер-жерлерде табыспен жұмыс жасауына, дамуына бөгет  жасаушы басқа да кері құбылыстарға соққы болмақшы, деп хабарлайды Маңғыстау облысының кәсіпкерелер палатасы.

Үстіміздегі жылдың соңына дейін өңірде кәсіпкерлер үшін мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг бойынша жұмыстар жүргізіледі. Облыстық кәсіпкерлер палатасының тапсырысы бойынша «Мемлекеттік қызмет туралы» ҚР Заңының негізінде мониторинг жұмыстарын «Қолдау-Қазақстан» ЖМ коммерциялық емес ұйымы жүргізеді. Қоғамдық мониторинг қорытындысы бойынша мемлекеттік органдар үшін сәйкес нұсқаулықтар дайындалады деп болжануда.

Бұрындары мұндай жұмыстар үстіміздегі жылдың қаңтар-ақпан айларында жүргізілген де болатын. Онда әлеуметтік зерттеулермен мемлекеттік қызметтердің 30 түрі қамтылып, 551 адам сұралған болатын. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қоғамдық мониторинг қорытындылары бойынша «Қолдау-Қазақстан» ЖМ коммерциялық емес ұйымы мемлекеттік қызметтер сапасын жақсарту бойынша барлығы 61 ұсыныс әзірлеген болатын.

Ендігі жерде қоғамдық мониторинг облыстағы халқы ең тығыз орналасқан аумақтарда – Ақтау, Жаңаөзен қалаларында және Мұнайлы ауданында  мемлекеттік қызметтің 40 түрі бойынша жүргізілмекші. Осы жұмыстың барысында шамамен 1600  респонденттен сауалнама алынады деп күтіліп отыр.

— Қоғамдық мониторинг – біздің жұмысымыздың аса маңызды бағыты. Шоғырланған-топтық және тереңнен сұхбат алуды жүргізе отырып, жаппай телефондық сұрауларды жүзеге асырып, сонымен қатар қызмет алушылар арасында сауалнама жүргізе отырып, біз әлеуметтік зерттеудің негізгі міндеттерін орындаймыз – облыс кәсіпкерлеріне мемлекеттік қызмет көрсетілу сапасын анықтау, бұдан әрі мемлекеттік қызмет көрсету жүйесінің күшті және әлсіз жақтарын анықтаумен осы қызметтердің сапасын жақсарту бойынша ұсыныстар жасау», — деп ақпараттандырды «Қолдау-Қазақстан» ЖМ директоры Ләззат Досметова.

Бұрын жүргізілген зерттеу тәжірибесі көрсеткендей, кәсіпкерлер үшін мемлекеттік қызметке қоғамдық мониторинг бойынша жұмыстарды жүргізу барысында ҒӨБ алған ақпаратты талдау, осыдан кейін олардың сапасын жақсарту бойынша ұсыныстар жасау және енгізу мұндай қызметтерді біршама сапалырақ және барынша қысқа мерзімде көрсетуге мүмкіндік беруге тиіс.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары