Оған қоса, күдікті оның анасын пышақтаған, деп хабарлайды Skifnews.kz қалалық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Софья Қылышбековаға сілтеме жасап.
Елордада 17 жасар қыз кісі қолынан өлді.
«Астана қалалық ішкі істер департаментінің қызметкерлері Астанада тұратын 17 жастағы қызды өлтірді деген күдікпен 16 жастағы азаматты ұстады. Бойжеткеннің бірнеше жері жарақаттанып, қайтыс болды. Мұнымен қатар, күдікті қайтыс болған қыздың анасын да пышақтаған. Күдікті мен зардап шеккен қыздың таныс болғандары анықталды», — деп хабарлады Қылышбекова.
Қанды оқиға 14 қараша күні шамамен сағат 19.00-де үйдің кіреберісінде болды. Күдікті Астана колледждерінің бірінде оқыған.
Осы дерекке байланысты ҚР Қылмыстық кодексінің 96-бабы (Кісі өлтіру) бойынша қылмыстық іс қозғалды.
«Ұсталған азамат тергеу изоляторына қамалды, оған қатысты бұлтартпау шарасы таңдалды . Қазіргі уақытта қажетті екі сараптама жасау бекітілді. Тергеу жүргізіліп жатыр», — деді С.Қылышбекова.