19.11.2014, 04:55

ЭКС-ПРЕМЬЕР СЕРІК АХМЕТОВ ҮЙ ҚАМАУЫНА АЛЫНДЫ

Сурет, lime.kz

Серік Ахметов үй қамауына алынды,  деп хабарлайды  ҚР Мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, С. Ахметов 2012 жылдың 24 қыркүйегінен бастап ҚР Премьер-Министрі қызметін атқарған. 2014 жылдың 3 сәуірінде Мемлекет басшысының Жарлығымен Серік Ахметов ҚР Қорғаныс министрі қызметіне тағайындалған.  Кейін ол өз еркімен қызметінен кеткен болатын.