Тұтынушылар мен кәсіпкерлерге бұл өнімдерді сатып аларда сақ болуы қажет, деп хабарлайды SkifNews.kz.
Қазақстан Ресейде өндірілген бірқатар алкогольді ішімдіктерін сатуға тыйым салды.
«Тағам қауіпсіздігінің талаптарына сәйкессіздік себебі бойынша халыққа Ресей Федерациясында өндірілген алкоголь өнімін Қазақстан Республикасының аумағына өткізуге тыйым салынды: «Талка», «Империя», «Дикий гусь», «Зеленая марка «Ржаная», «Русский гарант качества», «Рублевка», «Посольская» – арақтары. «Miller Genuine Draft», «Hoegaarden White» ақ-сыралары; «Grolsch» Premium Lager»», «Brahma», «Pilsner Urguell», «Жигули» жұмсақ дәмді, «Жигулевское» түпнұсқалық, «Бад», «Lowenbrau Original» түпнұсқалық-сыралары», – деп көрсетілген ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің хабарламасында.
Комитет тұтынушылар мен кәсіпкерлерге жоғарыда аталған өнімдерді сатып аларда абай болуды сұрайды.