21.11.2014, 11:03

ШҚО-да заңсыз жолмен 52 тонна балықты өткізбек болған жүргізушілер ұсталды

Сурет, azattyq.org

ШҚО Тарбағатай ауданы прокуратурасының жедел тобы жалған құжаттармен көксерке балықтарын өткізбек болған бірнеше үлкен жүк автокөлік иелерін құрықтаған, деп хабарлайды SkifNews.kz

 

 «Тарбағатай ауданы прокуратурасының жедел тобы мен полиция бөлімі «Омбы-Майқапшағай» тас жолының Боғас учаскесінде жалған құжаттармен Алматы облысына жалпы салмағы 52 тоннаға жететін көксерке балықтарын өткізбек болған 3 КАМАЗ автомашинасын ұстады», – деп хабарлайды ШҚО прокуратурасы.

«Тарбағатай АІІД аталмыш факт бойынша қылмыстық іс қозғады. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде. Істі аудандық прокуратура қадағалауда», – деп мәлімдеді қадағалау органының баспасөз қызметі.