Геннадий Головкин кәсіби карьерасын аяқтаған соң, кітап жазуды жоспарлап отыр. Бұл туралы ол Астанада өткізген баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды Skifnews.kz
«Менің әуесқой карьерам өте қызықты. Мен алдағы уақытта бұл туралы кітап жазатын шығармын. Қазір әуесқой боксты сағынамын деп айта алмаймын. Әрине, ол жылдар қызықты болды. Бірақ бұл туралы кейін жазамын», – деді Г.Головкин.
Естеріңізге сала кетейік, 19 қазанда Геннадий Головкин мексикалық боксшы Марко Антонио Рубионы екінші раундта нокаутпен жеңген болатын. Осылайша ол орта салмақтағы WBA (Super) және IBO тұжырымдарының әлем чемпионы атағын қорғап, осы салмақтағы WBC тұжырымының уақытша чемпионы белбеуін ұтып алды. Сондай-ақ, Геннадий Головкин кәсіби бокста 31 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеткен (28 нокаут). Ол келесі кездесуін 2015 жылдың 21 ақпанында Монакода өткізеді. Оның бұл жолғы қарсыласы – британиялық Мартин Мюррей.