Қазақстан мен ҚХР Қарулы Күштерінің Құрлық әскерлері жауынгерлік әзірлік саласында өзара іс-қимылды кеңейтетін болады, – деп хабарлайды Skifnews.kz ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ҚР Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қазақстан Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы генерал-лейтенант Мұрат Майкеев пен Қытай Халық-азаттық армиясы Құрлық әскерінің бас қолбасшысы генерал-майор Чжан Цзяньшэн әскери саладағы ынтымақтастықты әрі қарай дамыту мәселелерін талқылады.
Кездесу барысында Мұрат Майкеев ҚХР Халық-азаттық армиясы делегациясының Қазақстанға сапары жауынгерлік әзірлік саласындағы қарым-қатынастарды кеңейту мен тәжірибе алмасу еліміз үшін маңызды екеніне тоқталды. Өз кезегінде генерал-майор Чжан Цзяньшэн ШЫҰ аясында өткізіліп келе жатқан оқу-жаттығулар барысында көрсетілген қазақстандық әскери қызметшілердің кәсіби деңгейінің жоғары екендігін атап өтті.