24.11.2014, 03:42

Астанада жол көлік оқиғасынан 22 адам зардап шекті

Сурет, astana.gov.kz

Астанада Қабанбай батыр және Керей-Жәнібек хандар көшелерінің қиылысында жолаушыларды тасымалдайтын автобус пен Камаз көлігі соқтығысып қалған, деп хабарлайды Skifnews.kz. 

ІІБ баспасөз қызметінің хабарлауынша, медициналық мекеменің көмегіне 22 адам жүгінген. Оның бесеуі ауруханаға жатқызылды. Жол-көлік оқиғасы 22 қарашада кешкі уақытта болды. Камаз жүргізушісі № 43 маршруттік автобуспен соқтығысқан. Жол-көлік апаты салдарынан 16 адам зардап шеккен. Оның ішінде автобус пен КамАЗ жүргізушілері де бар. Қаза тапқандар жоқ. Болған апаттың салдарын тәртіп сақшылары жіті тексеруге кірісті.