24.11.2014, 05:19

Нидерланды үкіметі шындықты жасырып отыр – БАҚ

Сурет, pravda.ru

Нидерланды бұқаралық ақпарат құралдарының сұранысына қарамастан Украинада апат болған малайзиялық Boeing-777 лайнерінің тергеу қорытындысын жасырып отыр, деп хабарлайды  World Socialist Web Site (WSWS) ақпараттық порталы.

WSWS хабарлауынша, 19 қарашада Нидерланды үкіметі мемлекеттік құпия деп, елдің жетекші Elsevier ақпараттық басылымының малайзиялық ұшақ апаты тергеуін бақылау бойынша сұранысына жауап беруден бас тартқан. Оған құпия шарт себеп болып отыр.  

Басылым бұл қайғылы оқиға байланысты  тергеудің дұрыс жүргізілмей жатқандығын жазады. «Апат болғаннан кейінгі төрт айда тергеушілер көп ақпарат жинаған. Бірақ соған қарамастан апаттың себебін анықтай алмады», – деп көрсетілген мақалада.

WSWS тілшісінің пікірінше, бұл – әділ тергеу емес. Қайта Киев режимінің және оның Вашингтон, Берлин және НАТО-ның басқа да елдеріндегі жақтастары бақылайтын қылмысты жасыру. 

WSWS ақпараттың порталы 29 тамызда Нидерланды БАҚ-тары 7 тамызда апатты тергеу жөніндегі біріккен комитетке кіретін елдер (Нидерланды, Австралия, Бельгия және Украина) пактқа қол қойғанын хабарлаған болатын. NOS атты Нидерланды радиостанциясының мәліметінше, «келісімшарттың бір бөлігінде  қол қоюшылардың яғни олар ұсынған ақпараттың бақылауда болатындығы көрсетілген. Сондықтан олар өз мәліметін  жариялауға тыйым салуы мүмкін». 

19 қарашада Марка Рютте үкіметі қайғылы оқиғаға қатысты деректерді жариялайтын болса, Нидерландының өзге елдермен және халықаралық ұйымдармен қарым-қатынасына   жоғары деңгейде нұқсан келетінін ескеріп, Elsevier басылымының сауалына жауап беруден бас тартқан. WSWS тілшісі былай жазады: «Мұнда бір сұрақ пайда болады: Украина, Австралия, Нидерланды және Бельгия үкіметтері нені жасырғысы келеді?»

Тергеу жөніндегі комитеттің басшысы Фред Вестербеке қазан айының соңында Spiegel Online басылымына берген сұхбатында «комитеттің осы іске қатысты бұлтартпайтын дәлелі жоқ» екенін хабарлады. Вестербекенің айтуынша, тергеу басталғаннан кейін бірнеше ай өткенде америкалық және неміс тыңшылары спутниктен түсірілген суреттерді әлі тапсырмағанын айтты. Бұл суреттер олардың ұшақтың апатқа ұшырауына Ресейдің қатысы бар екені жайлы арызын растайтын еді. 

WSWS тілшісінің ойынша, бұған екі түрлі себеп бар. Не мұндай сурет жоқ және «НАТО-ның ұшақты ресейлік сепаратистер атып түсірді» делінген арызы өтірік боп шығады, не оларда Ресей әскері бейнеленген суреттер бар, бірақ оны тергеуге беруден бас тартып отыр. Себебі ол суретте Батыстың әскері де бейнеленген болуы мүмкін. Мақала авторының пікірінше, қандай жағдай болмасын, альянс елдерінің үкіметі тергеу жүргізуде  салғырттыққа бой алдырып отыр.  

Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылы 17 шілде күні Амстердамнан Куала-Лумпурға бет алған Boeing 777 жолаушылар ұшағы Донецк облысында апатқа ұшыраған еді. Оның бортында 298 адам болған. Өкінішке қарай, олардың барлығы оқиға орнында қаза тапты. Нидерланды Қауіпсіздік кеңесі апат туралы есепті 2015 жылы жазда жариялауды жоспарлап отыр.