$ 499.51  525.83  4.62

Қазақстанның барлық аудан орталықтары 4G қызметімен қамтылады

2018 жылдың 1 қаңтарына дейін 4G қызметіне Қазақстанның барлық аудан орталықтарын қосу жоспарланып отыр, деп хабарлайды Skifnews.kz «Қазақтелеком» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

 2012-2013 жылдары алты облыс LTE желісімен қамтылған. Қалған 8 әкімшілік орталықта пилоттық-коммерциялық аймақ қосылған болатын.  2014 жылы Түркістан және Кентау қалаларында 4G қызметі қосылғаннан кейін 50 мыңнан аса тұрғыны бар қалаларды LTE желісімен қамту мерзімінен бұрын аяқталған. 2018 жылдың 1 қаңтарына дейін 4G қызметіне Қазақстанның барлық аудан орталықтарын қосу жоспарланып отыр. 


Айта кетейік, бүгінде 4G қызметімен жалпы тұрғындарының саны 10,6 млн адам болатын 200 елді мекен қамтамасыз етілген. Бұл ел халқының 62 пайызын құрайды. 

Жыл соңына дейін 2,5 мыңнан аса базалық стансаларды іске қосу жоспарланып отыр. 2017 жылға дейін тағы да 142 аудан орталығын қамту көзделген.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары