01.12.2014, 08:52

Қазақстандықтар Тұңғыш Президент күнін атап өтуде

Сурет, thenews.kz

Елімізде  ҚР Тұңғыш президент күні  кеңінен аталып өтуде, деп хабарлайды Skifnews.kz.

Айта кетейік, 2012 жылдың 1 желтоқсанынан бастап елімізде Тұңғыш Президент күні аталып өтеді. 

Тұңғыш Президенттің тәуелсіз Қазақстанға сіңірген еңбегі ұшан-теңіз. Елбасы көрегенділігі мен салиқалы саясатының арқасында көпұлтты халықты бір шаңырақтың астына ұйыстыра білді. Ел экономикасы өсіп, халықтың әлеуметтік әл-ауқаты жақсарды.