Астанада жол қозғалысы ереже бұзушылығын фото және бейнетіркеу автоматтандырылған жүйесі 900-ден астам ереже бұзушылықты тіркеді. Жалпы өндірілген сома 20 млн теңгені құраған деп хабарлайды BNews.kz Астана қалалық ІІД Әкімшілік полиция басқармасына сілтеме жасап.
Жол қозғалысы ереже бұзушылығын фото және бейнетіркеу автоматтандырылған жүйесі қаладағы қауіпсіздікті кешенді қамтамасыз ету бағдарламасы аясында жол қозғалысын бақылау және жазадан қашып құтылу мүмкіндігі жоқ деген қағидатты орындау үшін орнатылған.
Айта кетейік, келесі 10 көше қиылысы жүйе бақылауында: Сауран – Достық көшелері Сарайшық –Түркістан көшелері Орынбор – Керей Жәнібек хандар көшелері Алматы көшесі – Қабанбай батыр даңғылы Тұран даңғылы – Қонаев көшесі Қабанбай батыр даңғылы –– Керей Жәнібек хандар көшесі Күмісбеков – Сейфуллин көшелері Пушкин – Абай көшелері Кенесары көшесі – Республика даңғылы Жұмабаев – Аршын (Айнакөл) көшелері.