$ 444.32  473.33  4.76

Павлодар облысының тәртіптік сақшылары «жалған» қылмысты ашты

Павлодар облысында ломбардты өз қызметкерлері тонамақшы болған деп хабарлайды, Skifnews.kz облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

 

Павлодар облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Баянауыл аудандық ішкі істер бөліміне Майқайың кентіндегі ломбардқа қарақшылық шабуыл жасалды деген хабар түскен. Тәртіп сақшылары тиісті жұмыс атқарып, аталмыш қылмыстың жалған екенін анықтады. «Тергеу шаралары барысында бұл шабуылдың бар болғаны сценарий бойынша жасалған іс екені анықталды. Жалған оқиғаны ломбард кассирі мен оның танысы ойлап тапқан. Қос азамат аталмыш «тонау операциясының» арқасында алтын бұйымдарды қолды етпекші болған. Нақтырақ айтсақ, олар құны 3 млн теңге тұратын алтын бұйымдарды қалталарына басуға дәмеленген. Тінту нәтижесінде зергерлік бұйымдардың 87 түрі тәркіленді», - делінген pavlodarnews.kz ақпаратында.

Жедел тексеру шараларының нәтижесінде полицейлер қарақшылық жасады деген күдікпен 19 жасар екі азамат құрықталды. Олардың бірі аталмыш ломбардта бағалаушы-сарапшы болып жұмыс істесе, екіншісі кеніш машинисі қызметін атқарған. Бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, арнайы тергеу тобы жасақталды. Қос күдіктіге қатысты елден кетпеу жазасы кесілді. Қазіргі таңда іс тоқтатылды, деп мәлімдеді баспасөз қызметінің мамандары.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары