$ 442.05  474.14  4.74

Ақтөбе облысында жол апатынан 3 жігіт қайтыс болды

Оқиға Ақтөбе-Орал тасжолында орын алған, деп хабарлайды Skifnews.kz облыстық ІІД-не сілітеме жасап.

Жол апаты Ақтөбеден 70 шақырым жер болған. Volkswagen Golf автокөлігі жол жиегінде тұрған ЗИЛ көлігінің астына кіріп кеткен. Нәтижесінде, жүк көлігіндегі көмір төгіліп, жеңіл көлікті басып тастаған. 25 жастағы жүргізуші мен оның 27 және 28 жастағы екі жолаушысы оқиға орнында қаза тапты. Құтқарушылар олардың мәйіттерін таңға қарай шығарған. Медициналық қорытындыға сәйкес, ЗИЛ көлігінің жүргізушісі жол апатынан зардап шекпеген.

Аталмыш оқиға бойынша  қылмыстық іс қозғалды. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары