03.12.2014, 12:22

Қазақстанның басым бөлігінде боран мен аяз сақталады

Сурет, © RIAN.com

Еліміздің басым бөлігінде 4-6 желтоқсан аралығында  боран мен аяз сақталады,  деп хабарлайды  Skifnews.kz «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

«Қарағанды облысының үстіндегі терең циклон өзінің ықпалымен Қазақстанның барлық аумағын қамтиды. Соған байланысты республика облыстарының басым бөлігінде қар жауып, боран соғады, секундына 15-23 метрге жететін жел тұрады, оңтүстікте цикломен байланысты суық ауа таралымының әсерінен жаңбыр жауады», – дейді мамандар 

Бірақ, синоптиктердің мәліметінше, 4 желтоқсанда бұл циклон Батыс Сібірдің солтүстік-шығыс аудандарына ауысады, оның орнын суық антициклон басады. «Антициклонның  жылдамдығы сағатына 80-110 шақырымға жететін жетекші ағынмен ауыса отырып, ұзақ тұрмайды, 5 желтоқсанда Моңғолияның батыс аудандарына жылжиды. Қазақстанның аумағына Солтүстік Атлантика мен Каспийдің оңтүстігінен кезекті циклондар жетеді», – деп хабарлайды «Қазгидромет» мамандары.