04.12.2014, 04:54

Алматы, Қарағанды және Павлодар облыстарында жол жабылды

Сурет, auto.gazeta.kz

Ауа райының қолайсыздығына байланысты еліміздің үш өңірінде тас жолдары жабылды, деп хабарлайды Skifnews.kz  ҚР ІІМ-нің ТЖ комитетіне сілтеме жасап.

«4 желтоқсанда Алматы облысында ауа райының қолайсыздығына (бұрқасын, жолдың нашар көрінуі) байланысты «Үшарал-Достық» көлік жолының (83-184 шақырымдар) учаскесінде көліктің барлық түрлері үшін қозғалыс жабылды, ал сағат 19.30-дан бастап «Алматы-Өскемен» күре жолының (426-558 шақырымдар) учаскесінде жүк көліктері үшін қозғалыс шектелді», – делінген хабарламада.

Қарағанды облысында дәл осы себеппен көліктің барлық түрлері үшін барлық бағыттарға жол жабық.

Павлодар облысында «Павлодар-Қызылорда» тас жолының (1135-1205 шақырымдар) «Қалқаман-Баянауыл» бағыты бойынша учаскесінде, «Шідерті-Астана» күре жолының учаскесінде көліктің барлық түрлері үшін қозғалыс жабылды.

Айта кетейік, бұған дейін «Астана-Ерейментау», «Астана-Қарағанды» бағыттарындағы жол қозғалысы тоқтатылған болатын.