$ 449.58  486.94  4.86

Астанадан 25 мың текше метр қар шығарылды

Елордада соққан боран салдарынан қала көшелерінде қар жиналып қалған. Бүгінде коммуналдық қызметтер қала аумағынды  қарды шығарып жатыр. Әрі қалада көктайғақты болдырмау үшін жолдарға 500 текше метрге жуық құм-тұз қоспасы төселді, деп хабарлайды Skifnews.kz Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Өткен тәулікте Астана қаласынан  25 мың текше метрден астам қар шығарылды.

«Бүгін қала көшелерін тазалау жұмыстарына 330-ға жуық жол қызметкері және қар жинайтын 78 машина шықты. Жолдар мен тротуарларды тазалау, сонымен қатар, көлік құралы мен жолаушылардың қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ету үшін тротуар жинайтын 27 және құм шашатын 18 машина жұмыс істеуде», – делінген баспасөз хабарламасында

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары