04.12.2014, 06:22

Астанада екінші ауысымдағы 1-4 сыныптарға сабақ болмайды

Сурет, newskaz.ru

Елордада екінші ауысымдағы бастауыш сыныптарындағы оқушыларға желдің қатты күшеюіне байланысты өткізілмейді, деп хабарлайды Skifnews.kz Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 

«Қазгидромет» РМК-нің хабарлауынша, Астанада 4 желтоқсан күні көшпелі бұлт шығады. Түнде және таңертең қар жауып, боран соғады. Ауа температурасы -16...-18°C төмендейді. Ал желдің екпіні 15-20 м/с-ке дейін жетуі мүмкін.