$ 443.85  474.3  4.8

Головкин «Жыл бокшысы» атануға жақындай түсті

Әлемнің ең үздік кәсіпқой боксшылары арасында өткізіліп жатқан «Жыл бокшысы» атағына үміткерлердің арасында қазақстандық боксшы Геннадий Головкин алда келеді, деп хабарлайды Skifnews.kz.

Bnews.kz ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Геннадий Головкин «Жыл боксшысын» анықтау үшін Bad Left Hook сайтында арнайы ұйымдастырылған дауыс беруде50 пайызбен қарсыластарын шаң қаптырған.

Айта кетейік, бұл тізімге осы жыл ішінде ерекше көзге түсіп, белгілі бір жетістіктерге жеткен әлемнің он кәсіпқой боксшысы іріктелген. 

Бұл рейтингте жалпы дауыс берушілердің 50 пайызының қолдауына ие болған отандасымыз Геннадий Головкин оқ бойы алда келеді. Оған, соңғы мәліметтер бойынша, 3637 дауыс беріліпті. Әрі оған дауыс берушілердің қатары артып келеді.

Оның соңынан үлкен айырмашылықпен қалыс қалған «Жыл боксшысы» атағына екінші үміткер Мэнни Пакьяо 1344 дауыс жинады (18%). Алғашқы үштікке ресейлік былғары қолғап шебері Сергей Ковалев енді – 910 дауыс (13%). 

Одан әрі Теренс Кроуфорд (9%), Флойд Мейвезер (3%), Владимир Кличко (3%), Николас Уолтерс (2%), Роман Гонсалес (1%), Канело Альварес (1%) және Наоя Иноуэ (0%).

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары