08.12.2014, 05:20

Ауа райының қолайсыздығына байланысты республикалық тасжолдар жабық күйінде қалып отыр

Сурет, remarka.kz

Бүгін  ауа райының қолайсыздығына байланысты Алматы облысындағы Үшарал-Достық тасжолында көлік қозғалыс шектелген, деп хабарлайды Skifnews.kz.

Айта кетейік, бұл шектеу ағымдағы жылдың 6 желтоқсанынан бері сақталып отыр. Сонымен қатар, ОҚО мен Жамбыл облыстарында және Алматы облысының кей аймағында жол қозғалысына қатысты шектеулер алынып тасталды.