08.12.2014, 09:42

Ауа райының нашарлауына байланысты «Павлодар-Астана» тас жолы жабылды

Сурет, pavlodarnews.kz

Боранға байланысты «Павлодар – Астана» тас жолы көліктің барлық түрлері үшін жабылды, деп хабарлайды Skifnews.kz Павлодар облысы ТЖД-не сілтеме жасап.

«Павлодар облысы ІІД әкімшілік полиция басқармасының келісуімен боран салдарынан жолдың нашар көрінуіне байланысты сағат 13:50-ден бастап көліктің барлық түрлері үшін «Павлодар – Астана» републикалық маңыздағы автожолында қозғалыс тоқтатылды», – делінген облыстың ТЖД-ның хабарламасында.