08.12.2014, 11:34

Еліміздің төрт облысында көлік қозғалысы тоқтатылды

Сурет, images.esosedi.ru

Ауа райының қолайсыздығына байланысты төрт облыста  көлік қозғалысы тоқтатылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақмола облысында «Астана – Ерейментау – Шідерті» тас жолы (156-205 км) Ерейментау қаласынан Павлодар облысы аумағымен шектесетін жерге дейінгі учаскеде көліктің барлық түрлері үшін қозғалыс жабылды. 

Сондай-ақ Павлодар облысында боранға байланысты «Павлодар-Астана» (205-259 км) автожолы Шідерті к. – Астана қаласы учаскесінде қозғалыс тоқтады

Алматы облысында ауа райының күрт өзгеруіне  байланысты (боран, жолдың нашар көрінуі) «Үшарал – Достық» автожолы (83-184 км) Көктума ст. – Достық ст. учаскесінде көліктің барлық түрлері үшін қозғалыс тоқтатылды. 

ОҚО-да ауа райының қолайсыздығына байланысты «Шолаққоған – Кентау» автожолында (227-257 км) автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалыс тоқтатылды.