09.12.2014, 06:31

Ақмола, Павлодар және Қарағанды облыстарының жолдары ашылды

Сурет, alfashina.ua

Еліміздің үш облысындағы автокөлік қозғалысына қойылған шектеу алынып тасталды деп хабарлайды Skifnews.kz «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Синоптиктердің хабарлауынша, 2014 жылғы 8 желтоқсан күні Ақмола, Павлодар және Қарағанды облыстарының автожолдарында көлік қозғалысына енгізілген шектеу алынып тасталды.

Алайда, ауа райының қолайсыздығына байланысты Алматы облысы «Үшарал-Достық» автожолының 83-184 км, Көктума-Достық стансалары учаскесіндегі шектеу сақталып отыр.