09.12.2014, 08:30

Жанармай арзандайды – Ұ.Қарабалин

Сурет, ortcom.kz

Елімізде бензин бағасы арзандайды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Энергетика министрінің бірінші орынбасары Ұзақбай Қарабалин мәлімдеді.

«Бензин арзандайды. «Аи-92» бензині 128 теңгеден 115 теңгеге арзандайды. «Аи-80» маркалы бензиннің бағасы өзгеріссіз қалады. Яғни, бір литрі 89 теңге болады», – деп хабарлады Ұ.Қарабалин. 

Оның айтуынша, дизельді жанар-жағармайдың бағасы да арзандайды.