$ 446.49  475.38  4.79

Әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлықтың иегерлері белгілі болды

Елбасы «Әдебиет пен өнер саласындағы 2014 жылғы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығын беру туралы» Жарлыққа қол қойды деп хабарлайды Skifnews.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әдебиет пен өнер саласындағы 2014 жылғы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығы Қажығали Мұханбетқалиұлына, жазушы  – «Тар кезең» тарихи романы үшін; Гүлнар Сейітжанқызы Салықбаеваға, ақын –«Кешіріңдер келгенімді өмірге» өлеңдер жинағы үшін; Пантелей Константинович Кесоглуге, әнші – «Песня - душа моя» жеке концерті үшін; Балнұр Балғабекқызы Қыдырбекке, композитор – «Реквием» вокалды-симфониялық шығармасы үшін; Авторлар ұжымына: Асқар Исабекұлы Мырзахметовке, Бақытжан Құдайбергенұлы Әшірбаевқа, Насир Ачилович Рустамовқа, Әмірхан Бекжанұлы Шүменовке, Нұрлыжан Маратбекұлы Бөкебаевқа – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған тарихи-монументалдық саябақ кешені үшін мемлекеттік сыйлық беріледі.

 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары