10.12.2014, 06:57

Бір тәулік ішінде 13 заңсыз мигрант анықталды

Cурет, newregion.kz

Заңсыз мигранттарды анықтау мақсатында еліміздің батысында «Барьер»  шекаралық операциясы өткізілуде, деп хабарлайды Skifnews.kz ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҚР ҰҚК ШҚ мамандарының хабарлауынша, іс-шара өз нәтижесін беруде.

««Батыс» өңірлік басқармасына қарасты  «Орал», «Ақтөбе» және «Бейнеу» шекара отрядтарының наряды бір тәулік ішінде мемлекеттік шекараны бұзған 13 адамды ұстады. Олардың 2-і Әзірбайжан, 1-і Қазақстан, 5-і Ресей және 5-і Өзбекстан азаматтары болып шықты», – делінген хабарламада.

Ал іс-шара басталған уақыттан бері шекара кеңістігін бұзған 70 адам ұсталды. Олардың арасында Әзірбайжан, Қырғызстан, Ресей, Түркия, Өзбекстан және Украина азаматтары бар.

«Барьер» операциясы жалғасуда.