Астанадағы "Гарант Auto City" сауда орталығындағы лифт ер азаматты мыжып қалды. Алған ауыр дене жарақаттары салдарынан ол қайтыс болған. Бұл туралы Астана қалалық ІІД-нің баспасөз хатшысы Софья Қылышбекова мәлімдеді.
Кейінірек анықталғандай, 1979 жылы туған ер азамат сол сауда орталығында сантехник болып жұмыс істеген екен.
"Аталған жайт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 156-бабы (Еңбек қауіпсіздігі ережесін бұзу) іс қозғалды. Сотқа ейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Қайтыс болған ер азамат Бөгенбай көшесінің бойында орналасқан Гарант Auto City сауда орталығында сантехник болып жұмыс істеген", - деді Астана қалалық ІІД-нің ресми өкілі.
Марқұм оқиға болған сәтте жан тапсырған. Қайғылы жайттың мән-жайын қазір полицейлер анықтап жатыр.