$ 447.4  477.55  4.76

Астанада EXPO нысаны құрылысы төңірегінде дау туды

Елордада ЖЭО-3 аумағында жұмыс істеп жатқан қызметкерлер адам төзгісіз жағдайда тұрып жатыр, деп хабарлайды Skifnews.kz.

 

«31 арна» хабарлауынша, үшінші жылу электр орталығы (ЖЭО-3) аумағында әкімшілік блогы мен асхана құрылысын салып жатқан жұмысшылар төрт айдан бері жалақыларын алмаған.

 Жұмысшылар «Тайландстройгрупп» қосалқы мердігерімен алдын ала келісімшарт жасасып, құрылысқа көктемде кіріскенін айтты. Бірақ тамыз айынан бері жалақы алмаған. «Қалаға да бара алмай отырмыз! Екі айдан бері үйімізге бармадық. Мұнда ақша жоқ, берген тамағы өте нашар, май мен наннан басқа ештеңе әкелмейді. Нысанда егеуқұйрықтар мен тышқандардың арасында тұрып жатырмыз», – дейді жұмысшы Сандуғаш Тұрдина. 

Нысанның басшылығы қосалқы мердігер алдындағы барлық міндеттемені орындағанын, сөйтіп, оған 94 миллион теңге аударғанын айтты. «Ол маған есеп берген кезде көрсетілген сомада сәйкессіздік болды. Бағасы асыра көрсетілген материалдар болды, салықтың, тағы басқаның көрсеткіштері құжаттағыға сәйкес келмеді», – дейді бас мердігер Жанболат Иманқұлов. 

Қосалқы мердігердің өзі «Тайландстрой» кәсіпорнының жұмысшыларға барлығы 24 миллион теңге төлегенін мәлімдеді. «Бұл мамыр айынан шілдеге дейін. Бұл 24 миллион теңгеге біз алғашқы екі айда жұмысшыларға тұрақты түрде жалақы төледік. Салықты төледік, құрылыс материалдарын сатып алдық», – деді Мұрат Ахметов. 

Оның айтуынша, оның қолында барлық кезеңде атқарылған жұмыстардың акті бар. Бас мердігер соған қол қойса, жұмысшыларға да қарыз жалақы төленетін болады.  

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары