11.12.2014, 06:13

Шекарашылар Қытайдан 80 дана GPS-навигаторларын заңсыз алып өтпек болған азаматты құрықтады

Сурет, inform.kz

Еліміздің шығысындағы «Қорғас» бақылау-өткізу бекетінің бақылаушылары 7 қорапқа салынған, жалпы саны 80 дана болатын «Тракинг – Пивайс» аталатын GPS-навигаторларын жасырын әкетіп бара жатқан 39 жастағы Қазақстан азаматын ұстады, деп хабарлайды Skifnews.kz ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тексеріс барысында «Үрімші - Алматы» бағытындағы автобуспен келе жатқан азаматтың аталған заттарды алып өтуге қажетті құжаттары болмаған.

Аталған дерек бойынша құқыққорғау органдары хабарландырылды. Тергеу амалары жүргізілуде.