$ 445.66  474.58  4.78

Н.Назарбаев Ресейде «Жыл адамы» атанды

Ресейліктер Елбасының еңбегін жоғары бағалады деп, хабарлайды Skifnews.kz.  

«Bnews.kz» ақпарат агенттігінің хабарлауынша, орыс биографиялық институты экономикалық стратегиялар институтымен бірлесе отырып федералдық телеарналар мен БАҚ қолдауымен Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа «Жыл адамы – 2014» атағын берген.

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа ЕАЭО құру идесы үшін «Жыл адамы – 2014» атағы берілді.

Сондай-ақ, Ресейде «Жыл адамы – 2014» халықаралық сыйлығының лауреаттары арасында Нұрсұлтан Назарбаевтан бөлек тағы төрт елдің басшылары бар. Сыйлыққа РФ президенті Владимир Путин мен Беларусь көшбасшысы Александр Лукашенко (ЕАЭО құрғаны үшін), Армения Республикасының президенті Серж Саргсян (ЕАЭО-мен саяси және экономикалық байланыстарды нығайтқаны үшін) және ҚХР төрағасы Си Цзиньпин (РФ-пен экономикалық және саяси байланыстарды нығайтқаны үшін) лайық деп танылды. 

Естеріңізге сала кетейік, мамыр айында Астанада Қазақстан, Ресеймен Беларусь басшылары − Еуразиялық экономикалық одақ құру туралы шартқа қол қойды. ЕАЭО өз жұмысын 2015 жылдың 1 қаңтарында бастайды деп жоспарланған.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары