$ 449.58  486.94  4.86

Америкалық сотталушылар порнография көру үшін қолдан компьютер құрастырып шыққан

АҚШ-тың Огайо штатында орналасқан Марион түрмесінің екі сотталушысы интернет арқылы порнографиялық фильмдер көру үшін қолдан компьютер құрастырып шыққан. Тастауға арналған ескі комрьютерлерді жинаған сыңай танытқан олар қосалқы бөлшектерді ұрлаумен айналысқан деп жазады BuzzFeed порталы.

Адам Джонсон мен Скотт Сприггс өздері құрастырған қос компьютерді шкафтың үстіне тығып ұстапты. Олар сондай-ақ, түрменің интернет жүйесіне қосылу үшін бөлмелеріне жасырын түрде сым жүргізгені де анықталып отыр. Интернетке қосылуға қажетті құпия сөзді Адам Джонсон түрме қызметкерінен біліп алыпты.

Сотталушылар интернет арқылы порнографиялық фильмдер, телесериалдар көріп, Bloomberg мақалаларын оқыған және қолдан есірткі, қару жасаудың жолдарын үйренген. Сондай-ақ, компьютер тілін жетік меңгерген екеу түрме қызметкерлерінің жеке мәліметтерін ұрлап, Джонсонның анасына 5 бірдей несие алып берген.

Тергеу барысында белгілі болғандай, түрменің басшысы бұл жайт туралы білген екен. Алайда, көз жұма қарап, еш шара қолданбаған. Тергеуден кейін Джейсон Бантинг өз еркімен қызметінен кетті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары