Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданына қарасты Түрген ауылында 8 жасар қыз зорланды деп жазады Informburo.kz. Оқиға 14 сәуір күні кешке орын алған.
Алдын ала болжам бойынша, мектеп оқушысы сабақтан шығып, үйіне бара жатқан жолда оған педофил тап берген. Қыздың ата-анасы оның зорланғанын айтып отыр. Азғын мұнысымен қоймай жеткіншекті көпірденң лақтырып жіберіпті.
Ішкі істер органдарына қыздың ата-анасынан арыз 14 сәуір күні кешке түсті. Қазір Қылмыстық кодекстің 121-бабы 4-тармағы бойынша іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тергеуді Еңбекшіқазақ ауданының ішкі істер бөлімі жүргізуде, ал Алматы облыстық ІІД тергеу барысын қатаң бақылауына алған", – дейді облыстық ІІД-нің баспасөз қызметіндегілер.
Полицейлердің айтуынша, 1985 жылғы күдікті сол күні-ақ куәгерлердің және қыздың ата-анасының көмегімен қолға түскен. Ол жергілікті тұрғын болып шықты. Қазіргі таңда күдікті уақытша қамау абақытысында. Іске қажетті сараптаманың барлығы жүргізіліп жатыр. Ал, жәбірленген 8 жасар қызға медициналық көмек көрсетілген.