$ 448.15  483.46  4.86

Астанадағы жасыл белдеуге биыл тағы 1800 қырғауыл жіберіледі

2017 жылдың сәуіріне дейін 1400 қырғауыл (210 аналық және өткен жылдары басып шығарылған 1190 балапан) вольерде өсіріліп келді. 18-19 сәуір күндері 1000 бас қырғауыл елорданың «жасыл белдеуіне» жіберілді, ал маусым айында тағы 150 құсты еркіндікке жібері жоспарланған.

Қырғауылдың мекендеу ортасы жыл өткен сайын кеңейіп келеді. Кәсіпорында маусымдық жұмыс істейтін ауыл тұрғындарының айтуынша, құстар Астанаға іргелес елді мекендерде байқалған. Бұл олардың жергілікті жерге жақсы бейімделгенін көрсетеді.

Қырғауылдарды өсіру биоалуандылықты сақтауға мүмкіндік беріп қана қоймай, сонымен бірге, зиянкестермен биологиялық күрес арқылы орман ағаштарын сақтауға жағдай жасайды. Осылайша, 2010-2016 жылдары «жасыл белдеуде» зиянкестерге қарсы пестицидтерді қолдану 350 гектарға қысқарған.

«Астана орманы» ЖШС 2010 жылдан бері елорданың «жасыл белдеуі» фаунасының түр құрамын ұлғайту мақсатымен қырғауылдарды өсірумен (интродукция) айналысып келеді.

6 жыл ішінде инкубация және қырғауыл аналығының басып шығару әдісімен 8083 балапан шығарылған, соның 6633-і еркіндікке жіберілді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары