Францияда президенттік сайлаудың нәтижелерін ішкі істер министрлігі кеше түнде жария етті. Саяси науқан елде 23 сәуір күні өткен болатын.
Ведомство таратқан мәліметке сәйкес, «Алға» партиясының жетекшісі Эммануэль Макрон 23,75 пайыз дауыс жинап, сайлауды жеңіп шыққан. Оның басты қарсыласы — «Ұлттық фронт» қозғалысының өкілі Марин Ле Пен болса 21,53 пайыз дауыспен науқанды аяқтады. Енді олар екі аптадан кейін өтетін сайлаудың екінші турында өзара бақ сынайтын болады.
«Республикашылдар» оңшыл қозғалысының өкілі Франсуа Фийон болса 19,91 дауыспен үшінші орынды иеленсе, төртінші орынға 19,64 пайыз дауыспен «Бағынбаған Франция» солшылдар қозғалысының жетекшісі Жан-Люк Меланшон жайғасты.
Соңғы екеуі сайлаудың екінші тураны қатыспайды.