13.12.2014, 08:05

Биыл жол-көлік апатынан 218 жасөспірім қаза тапқан

Сурет, kursiv.kz

Елімізде  ағымдағы жылдың 11 айында 18 526 жол-көлік оқиғасы тіркелген, деп хабарлайды  ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статитиска және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті.

ЖКО  салдарынан қаза болған 2 370 адамның 218-і кәмелетке толмағандар. Ал 23 462 жарақат алғандардың  ішінде 4 264-і кәмелетке толмағандар.

ЖКО-да  ең көп қаза тапқандар саны Алматы  (440), Оңтүстік  Қазақстан  (389) , Жамбыл (192),  Қарағанды облыстарында  (184)  және Алматы қаласында  (179) тіркелді.