15.12.2014, 03:10

Қазақстанның басым бөлігінде тұман болып, жел күшейеді

Сурет, remarka.kz

Еліміздің басым аумағында тұман, көктайғақ болады, жел күшейеді. Республиканың солтүстік пен солтүстік-батыс өңірінде ғана қар жауады, деп хабарлайды Skifnews.kz «Қазгидромет» РКМ-ға сілтеме жасап.

Алматы облысында екпіні 15-20 м/с болтын жел соғады, түнде және таңертең тұман түседі.

Ақмола, Жамбыл облыстарында да желдің күші 15-20 м/с-қа дейін барады.

Қызылорда облысының кей аймақтарында 15-20 м/с екпінмен жел соғып, түнде және таңертең тұман түседі.

Батыс Қазақстан облысында түнде тұман, көктайғақ болады, желдің күші 15-20 м/с болып, бұрқасын соғады.

Маңғыстау, Ақтөбе, Қарағанды, түнде Оңтүстік Қазақстан облыстарында тұман түседі.

Атырау облысында тұман, көктайғақ болады.

Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарында түнде және таңертең тұман, күндіз 15-20 м/с екпінмен жел соғады, боран болады.

Солтүстік Қазақстан облысында да желдің күші 15-20 м/с болып, бұрқасын соғады.