Контррегулятордан тасқын су ағынының көбеюіне байланысты қала аумағының, оның ішінде газ аппаратура зауытының ауданын және ағыс бойынша төмен аймақтарды су басу қаупі туындағаны белгілі деп жазады Астана әкімдігінің ресми сайты.
Су басу қаупі пайда болғанын ескере отырып, Департамент қызметкерлері жергілікті атқарушы орган, жергілікті полиция қызметі және ұлттық ұланмен өзара тығыз әрекет ету арқылы су басу ықтимал аймағына жатқызылған объектілер мен тұрғын үйлерде жадынама мен хабарламалар тарата отырып, аула аралау жұмыстарын жүргізуде. Тиісті жұмыстар барысында тұрып жатқандар саны нақтыланып, тізім жасалады.
Бүгінгі күні «КЖБИ» с/қ, мемлекеттік бағдарлама бойынша үйлер салу, ЛПУ, Мехток, қарттар үйі ауданы және Газмашаппаратура ауданында өзеннің жаңа арнасының бойымен 10 560 м болатын қашықтықта жаға сызығын бекіту жұмыстары жүргізілді. 20 мың қап құм әзірленіп, жалпы ұзындығы 3830 м төселді.
Су тасқынын алдын алуда 1110 текше инертті материалдар және 20 мың дана қап дайындалды. Есіл өзенінің жағажайын бекітуге барлығы 297 адам және 141 дана инженерлік және қосымша техника жұмылдыруда.